Азаматтардың салықтық сауаттылығын арттыру және мемлекеттік кірістер органдарының қызметі туралы жан-жақты ақпарат беру мақсатында елімізде «Халық бухгалтері» акциясы өткізілуде.
Аталған акция аясында Ұлытау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің түсіндіру жұмысы және байланыс орталығы бөлімінің басшысы Сырым Бижаксин тұрғындармен кездесіп, салық заңнамасының негізгі талаптары, декларация тапсыру тәртібі және өзге де өзекті мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Шара барысында азаматтардың сұрақтарына нақты жауаптар беріліп, салық міндеттемелерін уақтылы және дұрыс орындаудың маңыздылығы айтылды. Мұндай кездесулер халық пен мемлекеттік орган арасындағы ашықтықты арттырып, өзара сенімді нығайтуға бағытталған.




