Ауқымды жоба Сәтбаев қаласында жүзеге асуда. Аймақ экономиканы әртараптандыруға, жаңа жоғары тиімді өндірістерді дамытуға және шетелдік инвесторларды тартуға бағытталған. Жалпы жер аумағы — 12 гектар, болашақта 50 гектарға дейін ұлғайтуға мүмкіндік бар. Басқарушы компания ретінде «Ұлытау ӘКК» АҚ болып белгіленді.
Аталған орында қазіргі уақытта суық су тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жыл соңына дейін сумен, жылумен жабдықтау, кәріз жүйесін жүргізу ісі жалғасады. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жұмыстарынан кейін жол салу жұмыстары қолға алынады. Осылайша Сәтбаев қаласында отандық әрі өзге мемлекеттен келген кәсіпкерлерге өз жобаларын жүзеге асыру үшін қолайлы орта жасалмақ.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қолға алынған бастама келесі жылы толық аяқталады деп күтілуде. Жоба өңір экономикасының тұрақты дамуына және жаңа өндірістердің қалыптасуына серпін береді.

Бөлісу
Ұқсас мақалалар

Жедел
Экономика
Ұлытау облысында бизнестің дамуы: «Даму» қоры кәсіпкерлерге қалай көмектеседі?

Экономика
«Сәтбаевта жаңа тұрғын үйлер сапалы және қауіпсіз тұрғыда пайдалануға дайын»

Экономика
Азат Перуашев «Kaztechfilter» ЖШС сүзгілер мен сүзгі элементтері өндірісімен танысты

Экономика