Камеральдық бақылаумен 1 942 лот қамтыды. Нәтижесінде мемлекеттік сатып алулар туралы заңнама талаптарының жүйелі түрде бұзылуы анықталды. Тапсырыс берушілерге 388 хабарлама жолданды, бұл тексерілген сатып алулардың жалпы санының шамамен 20%-ын құрайды. Яғни, әр бесінші лотта дерлік заң талаптарының бұзылуы тіркелген, бұл тапсырыс берушілер тарапынан заңнама нормаларының сақталуы төмен деңгейде екенін көрсетеді.
Оның ішінде алаңдататын жағдай – тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету мерзімдеріне байланысты бұзушылықтар. Осы негізде 43 хабарлама жолданған, бұл анықталған бұзушылықтардың жалпы санының 11,1%-ын құрайды. Аталған бұзушылықтар мемлекеттік сатып алу келісімшарттарының нақты және тиісті орындалуына тікелей әсер етеді.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №648 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 569-тармағының талаптарын сақтамай, тапсырыс берушілер келісімшарттарды орындау мерзімдерін 15 күнтізбелік күннен аз қояды, ал тауарларды өндіру, жеткізу немесе жұмыстарды орындау мен қызмет көрсетудің технологиялық және өндірістік кезеңдері ескерілмейді.
Қазақстандық өндірушілер реестріне енгізілген жеткізушілерден сатып алулар кезінде заңнама талаптары одан да көп ескерілмейді. Міндетті жеткізу мерзімі кемінде 60 күнтізбелік күн деп белгіленгеніне қарамастан, тапсырыс берушілер қысқартылған және әдейі орындалмайтын мерзімдерді белгілейді, бұл отандық өндірушілерді қолдау мақсаттарына қайшы келеді және келісімшарттардың формальды түрде орындалуына жағдай туғызады.
Ұлытау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті




