Абая көшесі, 3/1 мекенжайында орналасқан көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жоспарлы түрде және жоғары қарқынмен жүргізілуде. Аталған нысанның құрылысын жүзеге асырып жатқан «Самға» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі белгіленген міндеттемелерді сапалы орындауға басымдық беріп отыр.
Бүгінгі таңда құрылыс алаңында бірқатар маңызды жұмыстар толық орындалды және кейбір кезеңдер жалғасуда. Атап айтқанда, ғимараттың сыртқы қаптау жұмыстары заманауи талаптарға сай жүргізілуде. Ішкі әрлеу жұмыстары аясында пәтерлер мен ортақ пайдаланылатын аумақтарда кафель төсеу жұмыстары атқарылып жатыр. Сонымен қатар, тұрғындардың болашақта жайлы өмір сүруін қамтамасыз ету мақсатында жылу жүйесі қосылып, нысан жылыту маусымына толық дайын күйге келтірілді. Кіреберістердегі сылақ жұмыстары толық аяқталып, ішкі көрініске эстетикалық әрі ұқыпты келбет берілді.
Құрылыс жұмыстарымен қатар, аула аумағын абаттандыруға да ерекше көңіл бөлінуде. Аула ішіндегі жолдарға асфальт төселіп, көлік қозғалысы мен тұрғындардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілді. Балалардың бос уақытын тиімді әрі қауіпсіз өткізуі үшін заманауи талаптарға сай балалар ойын алаңдары орнатылды. Сонымен бірге, спорттық және ойын аймақтарында тартан жамылғысы салынды. Қазіргі таңда жаяу жүргіншілер жолдарына жабынды төсеу жұмыстары жалғасып, аула аумағының қолайлылығы мен көркем келбеті арта түсуде.
Жалпы алғанда, тұрғын үйдің құрылысы мен аула аумағын абаттандыру жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес, сапа стандарттарын сақтай отырып жүргізілуде. Жоба аяқталған соң, бұл тұрғын үй қала тұрғындары үшін жайлы, қауіпсіз әрі заманауи өмір сүруге қолайлы орта қалыптастыратын болады.




