Барлық мемлекеттік қолдау бағдарламалары Ел Президентінің халыққа Жолдауында айтылған тапсырмаларды орындау және экономиканы дамыту бойынша Үкіметтің кешенді шаралары аясында жүзеге асырылуда.
Осы қолдаудың негізгі операторларының бірі — «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры. Бұл — «Байтерек» холдингіне қарасты еншілес ұйым, ол кәсіпкерлерге сенімді қадам жасауға көп жылдар бойы көмек көрсетіп келеді.
«Даму» қоры не істейді?
Қор кәсіпкердің өз ісін дамытуына мүмкіндік беретін жағдайлар жасайды:
• несие пайыздық мөлшерлемелерін субсидиялау арқылы оларды қолжетімді ету;
• кепіл жеткіліксіз болған жағдайда несиеге кепілдік беру;
• шағын және орта бизнес және өндірістік компаниялар үшін жеңілдетілген қаржыландыру бағдарламаларын жүзеге асыру;
• жобаларды идеядан бастап нәтиже алу кезеңіне дейін сүйемелдеу.
Ұлытау өңірінде көптеген кәсіпорындар «Даму» қорының құралдарының арқасында өз жобаларын сәтті жүзеге асыруда. Олар жаңа өндірістерді, жұмыс орындарын құрады, қызмет көрсету саласын дамытады, инфрақұрылым құрады және жергілікті экономиканы нығайтады. Олардың әрбір жетістігі - бұл облысты дамытуға және Президент айқындаған жалпыұлттық міндеттерді іске асыруға қосқан үлес.
ЖК Манас Асаиновтың тарихы: бір контейнерден ірі өндіріске дейін
Манас Асаинов өз жолын 2004 жылы жалға алынған контейнерде қарапайым саудадан бастады. Жылдар ішінде ол тұрақты бизнес құрып, қазіргі уақытта үш қалада шамамен 80 адамға жұмыс беруде.
Манас «Даму» қорының барлық құралдарын тұрақты пайдаланады — субсидиялар, кепілдіктер және жеңілдетілген қаржыландыру, бұл оған кәсібің дамытуға және жаңа жобаларды сенімді түрде жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
2025 жылғы маусым айында ол «Өрлеу» бағдарламасы бойынша «Қазақстан Халық Банкі» АҚ арқылы 12,6% пайыздық мөлшерлемемен жеңілдетілген қаржыландыру алды. Осы қаражатқа коммуналды техникаларға арналған полипропиленнен жасалған дискілі щеткаларды өндіру үшін жаңа жабдық сатып алынды. Жақын арада кәсіпкер өндірісті іске қосып, әкімдіктермен меморандумдарға қол қоюды және өнімді облыстың коммуналды ұйымдарына жеткізуді жоспарлап отыр, осылайша нарықтағы маңызды бос орынды толтырады.
Бұл жоба мемлекеттік қолдаудың бизнестің кеңеюіне, жаңа өнім түрлерін енгізуге және өңірлік деңгейде өндіріс стандарттарын көтеруге қалай көмектесетінінің көрнекі мысалы болып табылады.
Шағын және орта бизнес — жаңа жұмыс орындары, адамдардың болашаққа сенімі, қалалар мен ауылдардың дамуы, сондай-ақ халықтың өмір сүру сапасының артуы.
Бүгінгі күні «Даму» қоры кәсіпкерлердің сенімді серіктесі болып қала береді.
«Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ




