Кездесу барысында кәсіпорынның өндірістік қызметімен, жұмыс барысымен және еңбек ұжымымен танысты. «Большая семья» ЖШС 2018 жылы құрылған, бүгінде мұнда 40 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Кәсіпорын тәулігіне 1000 дана нан өнімін өндіреді.
Наубайханада шығарылатын өнімдер қаладағы сауда нүктелеріне түскен тапсырыстарға сәйкес жеткізіледі. Бұл тұрғындарды сапалы әрі жаңа піскен нан өнімдерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Сапардың мақсаты – шағын наубайхананың жұмысымен танысу, жергілікті кәсіпкерліктің дамуын бағалау және саладағы өзекті мәселелерді анықтау. Кездесу барысында кәсіпорынның даму перспективалары мен мемлекеттік қолдау шаралары жөнінде пікір алмастырылды.
Жезқазған қаласы әкімінің баспасөз қызметі




