"Жазған дүниенің көптің олжасына айналғаны жөн". Осы ойға бекіген ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Сәтбаев қаласының Құрметті азаматы Мұса Тілеуов кейінгі жылдары шыққан бірнеше жыр жинақтарын Жезқазған қаласындағы Ұлытау облыстық және М.Әуезов атындағы кітапханаға арнайы барып, тарту етті.
-Кітапхана -оқырмандар ордасы. Бұған шейін қалың көпшілікке жақсы таныс кітаптарымның бір бөлігін кітапханалардың қорында тұрғанын қаладым -дейді Мұсекең.




