Жоспарлы тексеріс жұмыстары ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 75-бабының 3 және 4-бөліктеріне сәйкес жүзеге асырылды.
Тексеру барысында:
• мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың талаптарына сай емес маңдайшалар, хабарландырулар, ақпараттық материалдар анықталды;
• кәсіпкерлік нысандарына тіл нормаларын сақтау бойынша түсіндірме берілді;
• заң бұзушылық туралы материалдар жинақталып, тиісті уәкілетті органдарға жолданды.
Алгоритмге сәйкес:
1. Тіл нормаларын бұзу фактілері тіркелген жағдайда, нысан иесіне ресми хабарлама жіберіліп, ақпаратты толықтыру немесе түзету үшін уақыт беріледі.
2. Бұзушылық түзетілмеген жағдайда, материалдар Ішкі істер органдарына жолданып, әкімшілік іс қозғалады (ҚР ӘҚБтК 807-бабы).
3. Егер әкімшілік жаза қолданылса, заңнамаға сәйкес бір жыл ішінде қайталанған жағдайда қосымша шаралар қабылданады (ҚР ӘҚБтК 75-бабы 4-бөлік).
Тексеріс мақсаты — жазалау емес, мемлекеттік тілдің мәртебесін қорғау, кәсіпкерлік субъектілеріне заң талаптарын түсіндіру және оларды орындауға ынталандыру.
Қоғамдық орталарда мемлекеттік тілдің дұрыс қолданылуы — ортақ жауапкершілігіміз.




