Кенгір селосындағы мектепте «Заң мен тәртіп» қағидасы бойынша ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды. Кездесу барысында заңның қоғамда өмір сүру үшін ортақ ережелер жиынтығы екені, ал тәртіп осы ережелерді сақтау мен орындау мәдениетінен тұратыны атап өтілді.
Жиналыстың мақсаты – ата-аналарды балалардың құқықтық білімін арттыруға тарту, отбасы мен мектептегі тәртіп пен мәдениетті қалыптастыруға үлес қосу болып табылады.




