Қарағанды мен Ұлытау облыстарындағы түзеу мекемелерінде екі мыңға жуық жазасын өтеуші еңбек етіп, табыс тауып жүр. Олар кәсіпкерлермен жасалған келісім-шарт бойынша тігін, металл бұйымдары, жарықдиодты шамдар, саңырауқұлақ өсіру сияқты өндірістерде жұмыс істейді.
Жұмыс арқылы жазасын өтеушілер қарыздарын өтеп, алимент төлеп, өз шоттарына қаражат жинай алады. Орташа жалақы – 85 мың теңге. Қылмыстық атқару жүйесі департаменті бұл тәжірибені азаматтарды еңбек арқылы тәрбиелеу және қоғамға қайта бейімдеу шарасы деп сипаттайды.
Қарағанды мен Ұлытау облыстарындағы 10 түзеу мекемесінде бүгінде 59 кәсіпкер жұмыс орнын ашып, түзеу мекемелерінде еңбек етуге мүмкіндік жасап отыр.




