Жылумен қамту жүйесін жаңғырту

Жаңалықты бөлісіңіз:

Қала тұрғындарын алдағы жылыту маусымына сапалы және үздіксіз жылумен қамтамасыз ету мақсатында әкім орынбасары Ахмет Сыздыманов атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты.

Мәңгілік Ел көшесінде орналасқан №1 жылу желісінде «Сарыағаш-Аман» ЖШС жаңғырту жұмыстарын жүргізуде. Қазіргі уақытта ескі құбырлар мен іргетас блоктары (ФБС) бөлшектеліп, жер қазу жұмыстары атқарылуда. Жоба аясында жалпы ұзындығы 8 шақырым жылу желісі жаңартылмақ. Жұмыстарды биылғы қыркүйекке дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, А.Сыздыманов «АСТАНАИНЖКОМСТРОЙ» ЖШС жұмыс жүргізіп жатқан учаскеге де барды. Бұл жерде 650 метр ескі құбыр алынып, 25 метр жаңа құбыр орнатылды. Қазіргі таңда дәнекерлеу және монтаждау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жалпы ауыстырылатын құбыр ұзындығы – 2,6 шақырым.

Нысандарды аралау барысында жұмыстың сапасы мен белгіленген мерзімде орындалуына ерекше көңіл бөлінетіні атап өтілді.

By admin

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *