Бүгін елімізде Конституциялық реформаларды іске асыруға бағытталған маңызды қадам жасалуда. Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтеді.
Аталған іс-шара барысында комиссияның алдағы жұмыс бағыттары, реформаларды жүзеге асыру тетіктері және қоғамдық маңызы бар бастамалар талқыланады. Бұл отырыс – елдегі құқықтық жүйені жаңғыртуға және мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға бағытталған маңызды алаң.
Комиссия отырысын тікелей эфирде әлеуметтік желідегі ресми парақшалар арқылы көруге болады. Атап айтқанда, consot_kz, constcouncil.kz, «Конституциялық реформа 2026» парақшаларында, сондай-ақ Jibek Joly және 24KZ телеарналарынан тікелей көрсетіледі.
Тікелей эфир сағат 14:00-де басталады.
Айта кетейік, Конституциялық комиссияның жұмысы қоғам мен мемлекеттің дамуына серпін беретін маңызды реформаларды талқылауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нығайтуға бағытталған. Комиссия отырыстары алдағы уақытта да қоғам назарында болмақ.




