Телеарнамыздың көрермендеріне арналған «Jas Time» бағдарламасының жаңа саны тағы бір жарқын тұлғамен толықпақ. Бағдарламаны жүргізетін Айдана Базарбайқызы бұл жолы студияға ерекше қонақты шақырды.
Жаңа шығарылымның кейіпкері – ақын, металлург әрі белсенді жас Жоламан Мағзұмов. Ол тек өндіріс саласында ғана емес, қазақтың төл өнері – айтыста да өзіндік қолтаңбасымен танылып жүрген талантты жастардың бірі.
Бағдарлама барысында көрермендер жас ақынның шығармашылығымен жақынырақ танысып, оның өнер жолындағы ізденістері мен жетістіктері туралы біле алады. Сонымен қатар, студия қонағы өзінің жыр шашуын ұсынып, көрермен жүрегіне жол тартар әсерлі туындыларын оқиды.
Айтыс өнерінде маңдайы жарқырап, сөз құдіретін терең түсінетін Жоламан Мағзұмовтың шығармашылығы – бүгінгі жас буынның рухани келбетін айқындайтын жарқын мысалдардың бірі.
Айта кетейік, «Jas Time» бағдарламасының бұл санының толық нұсқасы алдағы аптада эфирден көрсетіледі. Көрермендерді қызықты сұхбат пен әсерлі жырлар күтіп тұр.




