2024 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. 
Жолдауда Мемлекет басшысы еліміздің дамуының негізгі бағыттарын айқындап, ерекше назар аударды.
Жолдауда сондай-ақ интернет-алаяқтықпен күрес, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, әскердегі тәртіпті нығайту, есірткі бизнесімен күрес, медициналық сақтандыру жүйесін жетілдіру, педагогикалық және медициналық кадрлардың тапшылығын жою, шағын және орта бизнес саласындағы мемлекеттік бақылауды оңтайландыру сияқты өзекті мәселелер қарастырылды.
Бұл Жолдау еліміздің стратегиялық даму мақсаттарына қол жеткізуге және азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған маңызды қадамдарды айқындайды.
Жайық Мұңсызбаев, ҚР Құрметті энергетигі, Сәтбаев қаласының Құрметті азаматы