Жолдауға қолдау!

Жаңалықты бөлісіңіз:

2024 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. 

Бұл Жолдауда Мемлекет басшысы еліміздің стратегиялық дамуының негізгі бағыттарын айқындап, азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған бірқатар маңызды бастамаларды ұсынды. 

Негізгі бағыттар:
• Заң мен тәртіпті нығайту: Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, интернет-алаяқтықпен күресу, жол-көлік оқиғаларын азайту, әскердегі тәртіпті күшейту және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл шараларын жетілдіру. 
• Экономикалық өсім: Салық жүйесін жаңғырту, шағын және орта бизнесті қолдау, ауыл шаруашылығын қолжетімді несиелеу, әділ және тиімді тарифтік саясатты енгізу, көлік инфрақұрылымын жаңғырту, білікті кадрлар даярлау, цифрландыру және жасанды интеллектіні дамыту. 
• Қоғамдық оптимизм: Медициналық сақтандыру жүйесін жетілдіру, педагогикалық және медициналық кадрлардың тапшылығын жою, шағын және орта бизнес саласындағы мемлекеттік бақылауды оңтайландыру, халықтың тұрмыс сапасын жақсарту үшін маңызды қадамдар жасау. 

Бұл Жолдау еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының жаңа кезеңін бастап, Әділетті Қазақстан құру жолындағы маңызды қадамдарды айқындады.

Амир Нурпеисов, қала белсендісі

By admin

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *