Департамент жүргізген тексеру шараларының нәтижесінде білім беру және денсаулық сақтау салаларында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша бірқатар бұзушылықтар орын алған.
Атап айтқанда, Жезқазған қаласының облыстық көпбейінді ауруханасы тарапынан «Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша 34 қызмет алушыға қызмет көрсету нәтижесі ұсынылмағаны анықталды.
Сондай-ақ, Қаражал қаласы білім бөлімінің №30 жалпы білім беретін мектебінде «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі аясында 109 қызмет алушыға қызмет нәтижесі ұсынылмаған.
Аталған фактілер бойынша Департамент тарапынан тиісті ұсынулар енгізіліп, нәтижесінде 143 қызмет алушының бұзылған құқықтары толық көлемде қалпына келтірілді.
Жалпы, Департаментпен 2025 жылдың қорытындысы бойынша
800-ге жуық қызмет алушының бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табатын болады.
Осы орайда, мемлекеттік қызмет алу барысында құқықтарыңыз бұзылған жағдайда Департаментке Жезқазған қаласы, Алаш алаңы 1 ғимаратындағы №711 кабинетке немесе «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы жүгінуге болатындығын назарларыңызға жеткіземіз (байланыс телефоны – 8/7102/733270).
Олжас Жолшыбек,
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Ұлытау облысы бойынша департаменті
Мемлекеттік қызметтер
көрсету басқармасы бас маманы.




