Жезқазған қаласы әкімдігі «Алмас Құрылыс Kazakhstan» ЖШС-пен шарт жасасып, күзгі-қысқы кезеңде қаланың автомобиль жолдарының қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге кірісті.
Қысқы маусымда жолдарды уақытылы тазалау және өңдеу үшін мердігер ұйым 26 бірлік арнайы техниканы дайындаған, соның ішінде автогрейдер, тракторлар, бульдозерлер, жүк тиегіштер, самосвалдар және КДМ жол машинасы бар. Сонымен қатар жолдарды күтіп-ұстау жұмыстарына 58 жол жұмысшысы тартылған.
Техника қар тазалау, жолдарға инертті материалдар себу, қар шығару және боран кезінде көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында пайдаланылады.




