жаңалық
Вт. Мар 25th, 2025

Жолдауға қолдау

Жаңалықты бөлісіңіз:

Президент Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаев көптеген мәселелерді атап өтті. Соның бірі: жол қауіпсіздігі. Мемлекет басышыс өз сөзінде:
«Жол-көлік инфрақұрылымын жақсарту және интеллектуалдық жүйені енгізу арқылы жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге болады. Бұл – жергілікті ғана емес, республикалық жолдарға да қатысты мәселе. Осы салаға жауапты мекеме автокөліктердің техникалық жағдайына тиісті бақылау жасауы қажет.» -деген болатын. Яғни, барлық жергілікті және республикалық жолдар назарда болады деген сөз.
Сонымен қатар, Президент еліміздегі инновациялық жобаларды қолдау және стартаптарды дамыту арқылы әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті болуға мүмкіндік бар екенін айтты. Бұл бағыттағы реформалар Қазақстанның жаһандық инновациялық хабқа айналуына жол ашады.
Бүгінгі Президент Жолдауы еліміздің дамуының жаңа кезеңін бастауға мүмкіндік береді. Бұл құжатта айтылған реформалар әрбір қазақстандықтың өмірін жақсартуға бағытталған. Бұл Жолдау – Қазақстанның жарқын болашағын қалыптастырудағы маңызды қадам.

Арайлым Абдималик, сәтбаев қаласының архив әдіскер.

By admin

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *