Жолдауға қолдау

Жаңалықты бөлісіңіз:

Қасым-Жомарт Тоқаевтың әлеуметтік салаға, әсіресе балаларды қорғауға баса көңіл бөлуі елдің тұрақты дамуы үшін маңызды қадам болып табылады. Балалар шотына Ұлттық қордан қаржы аудару мәселесі – бұл болашақ ұрпақтың әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған жаңашыл бастама. Мұндай шешім экономикалық тұрақтылық пен әділдіктің нақты көрінісі болып табылады.

Сонымен қатар, балаларды қорғауға қатысты қатаң шаралар қабылдау маңызды әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған. Кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылыққа жазаны күшейту және оларды құмар ойындарға тартқаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізу балалардың құқығын қорғауға ықпал етеді. Бұл заңнамалық өзгерістер қоғамдағы моральдық құндылықтарды нығайтып, ата-аналар мен мемлекет арасындағы сенімді арттырады.

Бұл бастамалар тек балаларды қорғау ғана емес, сонымен қатар қоғамның құқықтық мәдениетін арттыруға, әділетті қоғам құруға бағытталғанын көрсетеді. Мұндай шешімдер ұзақ мерзімді перспективада Қазақстанның тұрақты дамуына септігін тигізеді.

Лаззат Амангелдиева,
«Сәтбаев қаласының дін сұрақтары бойынша ақпараттық және кеңес беру орталығы»КММ
маманы

By admin

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *