2022 жылы Ұлытау облысы құрылған сәтте ел Президенті облыс орталығында болып, облыс және «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС басшыларымен жаңа облыстың дамуы жөнінде әңгімелескен еді. Сол жолы Президент«Қазақмыс» басшыларына корпорацияның тартуы ретінде Жезқазған қаласында спорт –сауықтыру кешенін салу туралы тапсырған болатын.
Сол тапсырма толық орындалып, Жезқазған қаласында «Жігер» спорт-сауықтыру кешені пайдалануға берілді. Кешеннің ашылу салтанатына еліміздің мақтаныштары, Олимпиадиа чемпиондары Е. Ибраимов пен Д.Баландин қатысты.
Үш қабатты ғимаратта орналасқан кешеннің жалпы аумағы 7816 шаршы метрді құрайды.Бұл жерде балаларға, ересектерге, әуесқой және кәсіби спортшыларға барлық жағдай жасалып, оларға сапалы қызмет көрсетіледі.
«Жігер» – еліміздегі заманауи спорт кешендерінің бірі десе еш артығы жоқ. Мұндағы алаңдар республикалық және халықаралық жарыстар өткізуге лайықты етіп салынған. Спорт залдарында жаттығулардың барлық түрлеріне арналған заманауи жабдықтар орнатылған.
Бұл жобаны іске асыруға «Қазақмыс»корпорациясы» ЖШС – 8,5млрд теңге қаржықұйды.
