8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні – нәзік жандыларға деген құрмет пен алғыс білдіретін ерекше мереке. Бұл күн тек аналар мен қыз-келіншектердің мейірімі мен жылулығын ғана емес, олардың қоғамдағы маңызды рөлін де айшықтайды. Бүгінде әйелдер түрлі салада табысты еңбек етіп, өз кәсібінің нағыз маманы екенін дәлелдеп келеді.
Солардың бірі – Полиция департаменті тергеу басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі Шырын Мұхаметжанова. Ол құқық қорғау саласында абыройлы қызмет атқарып, өз ісіне деген жауапкершілігімен, кәсіби шеберлігімен әріптестері арасында ерекше құрметке ие.
Тергеуші мамандығы – үлкен жауапкершілік пен табандылықты талап ететін күрделі қызмет. Әсіресе аса маңызды істерді тергеу – жоғары біліктілікті, әділдік пен төзімділікті қажет етеді. Шырын Мұхаметжанова осы талаптардың барлығын өз бойына жинақтай білген тәжірибелі маман. Қандай істі қолға алса да, оны жан-жақты зерттеп, заң аясында әділ шешім қабылдауға бар күш-жігерін салады.
Өзінің нәзік болмысына қарамастан, ол қиын да жауапты қызметте табандылық танытып, әріптестеріне үлгі болып келеді. Күнделікті қызметінде кәсібилігімен көзге түсіп, жұмысының үздігі ретінде танылып жүрген Шырын Мұхаметжанова – полиция саласында абыроймен еңбек етіп жүрген білікті мамандардың бірі.
8 наурыз мерекесі қарсаңында осындай өз ісіне адал, қоғам қауіпсіздігі жолында аянбай еңбек етіп жүрген әйел азаматтарға ерекше құрмет көрсетіледі. Шырын Мұхаметжанова сынды қызметкерлер – ел тыныштығын сақтауға үлес қосып жүрген нағыз кәсіби мамандар.
Әйелдердің қай салада болмасын табысты еңбек етіп, қоғам дамуына үлес қосуы – үлкен мақтаныш. Осындай жауапты қызметті абыроймен атқарып жүрген Шырын Мұхаметжановаға зор денсаулық, отбасына амандық, ал қызметінде жаңа жетістіктер тілейміз.




