Қазақ халқы тағы бір аяулы перзентінен айырылды. Қазақстанның Халық жазушысы, белгілі ақын әрі қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов өмірден өтті. Бұл суыт хабар барша елге ауыр тиді.
Мұхтар Шаханов – ұлттық рухты жырлаған, ел тағдырын терең толғаған біртуар тұлға. Оның өлеңдері мен шығармалары қазақ әдебиетінің қазынасына айналып, бірнеше буынның санасына серпіліс сыйлады. Ақын шығармаларында туған жерге сүйіспеншілік, ана тіліне құрмет, адамдық қасиет пен әділдік кеңінен көрініс тапты.
Ол тек ақын ретінде ғана емес, қоғамдағы маңызды мәселелерге үн қосқан азамат ретінде де ел жадында сақталады. Ұлт болашағына алаңдап, шындықты тайсалмай айтқан қайраткердің орны әрдайым бөлек.
Мұхтар Шахановтың жарқын бейнесі мен мол мұрасы халық жүрегінде мәңгі сақталады. Қазақ руханияты тағы бір заңғар тұлғасынан айырылды.
Иманы саламат, жаны жәннатта болсын.




