Биылғы жылдары Сәтбаев қаласында көптеген әлемдік немесе халықаралық жарыстарда спортшыларымыз биік тұғырға көтерілді. Әлемдік спорт сайыстарында намысты қолдан бермей, көк байрағымызды жеңіс тұғырынан түсірмей жүрген спортшыларымыз түрлі марапатқа ие болды. Үздік спортшылар мен жаттықтырушыларды марапаттау дәстүрін жыл сайын Сәтбаев қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі ұйымдастырады. Жыл сайынғы дәстүрлі Спорт күні мерекесінде ел абыройын асқақтатып, жеңіс тұғырынан көрінген спортшылар, спорт саласына елеулі үлес қосқан сала мамандары аталым бойынша марапатталады.
Атап айтқанда:
1. 400 метрге кедергілермен және 110 метрге кедергілермен жүгіруде Қазақстан чемпионы, Ташкенттегі Орталық Азия чемпионатының қола жүлдегері Айбол Нияттулла Айболұлы
2. 23 жасқа дейінгі дзюдо күресінен ҚР чемпионатында +100 кг салмақ дәрежесінде жеңімпаз Нұғұмат Ерасыл
3. Киокушинкай-Кан каратэден ҚР Чемпиондары, Әлем Кубогінің және Азия жүлдегерлері Тоқтыбаев Қуатбек Жұмабекұлы, 2024 Азия чемпионы 35-44 жас аралығында Қуанышбай Сұңқар Бірімжанұлы (2024 ҚР чемпионы ерлер арасында)
4. Пауэрлифтингтен ҚР Чемпиондары – Акчабаева Луиза, Демидов Дмитрий, Поличенков Анатолий
5. Самбодан ҚР Чемпионатының күміс жүлдегері Қазықан Алуа
6. Жеңіл атлетикадан ҚР чемпионатының алтын жүлдегері Салихов Камиль
7.Мас-рестлинг, таяқ тартудан Алғашқы Республикалық турнир 65кг салмақта әйелдер арасында I орын РАХМЕТТУЛАЕВА ЖАНСАЯ (Астана қаласы, 19 қыркүйек 2024ж.)
8. Пауэрлифтингтен Азия Чемпионы Гилеевич Владимир
9. Сәтбаев қаласының МорБЖМ тәрбиеленушісі Сәрсенбек Нұрайлым Ұлытау облысының атынан дзюдодан тұңғыш рет жастар арасындағы Азия Чемпионатына қатысты. Дзюдодан ҚР Чемпионатының Алтын жүлдегері.
10. Таяқ тарту (мас рестлинг) V Дүниежүзілік көшпенділер ойыны ІІІ орын қола медалі Бірімжан Асылмұрат (Астана қаласы, 9 қыркүйек 2024ж.)
11. Грэпплинг және Джиу-Джитсу күресінен екі дүркін Азия чемпионы, Қазақстан Республикасының чемпионатының жеңімпазы Қазақстан Республикасының грэпплинг (АИГА – нұсқасы) бойынша спорт шебері Мехралиев Магомед
12. ММА-дан (аралас жекпе-жек), 70-келіге дейін салмақ дәрежесінде Әлем Чемпионатының қола жүлдегері Неймат Асадов