ЖЕЛ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫ САЛЫНУДА

Жаңалықты бөлісіңіз:

Баламалы қуат көздері – кемел келешектің негізі. Бұл тұрғыда өңірімізде жаңартылған энергия көздерін дамыту үшін нақты істер қолға алынған. Жезқазған, Сәтбаев қаласының аумағында жел электр станциясының құрылысы жүргізілуде.

Жобаның инвесторы – «Mezgilder Qushteri» ЖШС (Гонконг (Қытай) – Қазақстан) Жезқазған қаласында 16 жел діңгегі және Сәтбаев қаласының аумағында қосалқы станция орнатылуда. Жел турбиналарының жалпы биіктігі 120 м болса, қаңғалақтарының ұзындығы 98 метрді құрайды. Құрылыс барысында 50 жұмыс орны құрылды, пайдалануға берілгеннен кейін жел электр станциясына қызмет көрсету үшін 11 тұрақты жұмыс орны ашылады.  Жел электр станциясын пайдалануға беру көміртегі ізін азайтуға мүмкіндік беретінін атап өткен жөн.

Жоба бойынша инвестиция көлемі шамамен 24,5 млрд. теңгені құрайды. Жоба 2025 жылдың маусым айында пайдалануға беріледі деп күтілуде.

By admin

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *