жаңалық
Вт. Мар 25th, 2025

ЖАЯУ ЖҮРІП ЖОЛ БАСТАДЫ

Жаңалықты бөлісіңіз:

Ақтүтек бораннан Жезқазған-Сәтбаев аралығындағы жол қатынасы қиындап кеткен кезде МАИ-дың 10 көлігі, 20 қызметкері жол бойындағы көліктердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жұмылдырылды. Түскі сағат 14.00 мен кешкі 16.00 аралығында 500-ден аса көлікке көмек көрсетілді. Боран күшейіп, көлікпен жол көрсету мүмкін де болмай қалған шақта Ұлытау облысы полиция департаментінің Патрулдік полиция ротасының қызмет инспекторы, полиция аға лейтенанты Әбдібек Дархан Сәндібекұлы тың шешім қабылдады. Ол қызмет көлігінен шығып, кептеліп тұрған көліктердің алдына түсіп, жаяу жүріп жол бастады. Соның арқасында көліктер жол бойында тұрып қалған жоқ.
Жол инспекторының бұл әрекетіне жолаушылар өте риза болысты.Олар қазір Дарханды марапаттау туралы жоғары басшылыққа ұсыныс білдіріп жатыр.
Ол мемлекеттік автоинспекция жүйесінде 2015 жылдан бастап қызмет атқарып келеді екен.
-Кешегі боран сондай қатты болды. Адамдар қанша ескерту жасалғанына қарамастан жолға шығып кетеді. Ал, қандай жағдай болса да, оларға көмектесуге міндеттіміз. Мен сол міндетімді орындадым—дейді Д. Әбдібек.

Aбдолла Дастанов

By admin

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *