“Жасөспірімдердің құқықтық мәдениеті: Заң мен тәртіпке арналған ашық сабақ”
Ұлытау облысы Білім басқармасының Жезқазған қаласы білім бөлімінің “№12 жалпы білім беретін мектебінде” орта буын оқушыларына арналған “Заң мен тәртіп. Қауіпсіз Қазақстан үшін” атты кең көлемді түсіндіру шарасы ұйымдастырылды.
Кездесудің негізгі мақсаты – жасөспірімдерге заң талаптарын түсіндіру, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және қоғамдық тәртіптің маңызын ұғындыру. Шара барысында оқушылар күнделікті өмірде жиі кездесетін құқық бұзушылық түрлері, олардың салдары, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттері жөнінде толыққанды ақпарат алды. Сонымен қатар, қауіпсіздік ережелері, өз-өзін және жақынын қорғаудың заңды жолдары, мектеп оқушыларына қатысты әкімшілік және құқықтық нормалар талқыланды.
Маман-спикерлер оқушыларды жауапкершілікке, қоғам алдындағы мінез-құлық мәдениетіне және заңға құрметпен қарауға шақырды. Әңгіме интерактивті форматта өтіп, балалар көкейіндегі сұрақтарын қойып, нақты мысалдар арқылы түсініктерін бекіте түсті.
Осындай іс-шаралар оқушылардың құқықтық сауатын арттыруға, олардың бойында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға әрі қоғамда әділдік пен тәртіпті сақтау идеясын нығайтуға зор ықпал етеді. Қауіпсіз қоғам құру әрбір азаматтың саналы әрекетінен басталады.
