Санаулы күндерден кейін жаңа жылу беру маусымы басталады. Қаланың барлық әлеуметтік нысандары мен тұрғын үйлерін тұрақты әрі сапалы жылумен қамтамасыз ету – біздің басты міндетіміз.
Биылғы дайындық аясында:
• 1 және 3-қазандықтарда күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды;
• 2 және 4-қазандықтарға ағымдағы жөндеу жасалуда;
• былтыр төртінші қазандыққа орнатылған эмульгатор биыл қалған үш қазандыққа да орнатылды. Бұл өз кезегінде экологиялық ахуалды жақсартуға оң ықпал етеді;
• қазандықтарды таттан қорғау мақсатында 3 лас заттарды ұмтайтын сүзгі орнатылды.
Аталған жұмыстардың барлығы алдағы жылу маусымын тұрақты өткізуге және тұрғындарға сапалы қызмет көрсетуге бағытталған.