жаңалық
Пт. Мар 21st, 2025

ЖАҢА ЖЫЛҒА – ЖАҢА ПӘТЕРМЕН

Жаңалықты бөлісіңіз:

Желтоқсанның 25-нде  Жаңа  – 2025 жылдың  қарсаңында Қаныш қаласының 25 тұрғыны жаңа пәтердің кілтіне ие болды.

-Қазіргі кезде екі мыңнан аса адам үй кезегінде тұр. Көппәтерлі үш тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр, мұның екеуі таяу арада пайдалануға беріледі. Бұл пәтерлерді  халық «Отбасы банк» АҚ арқылы жеңілдетілген пайыздық несиемен алатын  болады. Халықты баспанамен қамтудың барлық мүмкіндіктерін одан әрі қарастыра беретін боламыз –деді пәтер кілттерін тапсыру салтанатында сөйлеген сөзінде  қала әкімі Мұрат Бөрібаев.

Жаңа жылды жаңа пәтерде қарсы алатын қуанышты жандардың бірі Нұрсұлу Әбілдинованың кезекте тұрғанына 14 жыл болған екен. «Өте қуаныштымын. Отағасым өмірден озған, екі балам бар. Үш бөлмелі кең пәтер бұйырып жатыр. Азаматтарға рахмет!» деді ол кілтін қолына алып тұрып. Бұл барша  қоныстой иелерінің қуанышы мен тілегі іспетті естілді. 

Абдолла Дастанов,

Сәтбаев қаласы.

By admin

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *