Құқық бұзушылық көбіне әлеуметтік теңсіздік, кедейлік, жұмыссыздық сияқты мәселелерден туындайды. Сондықтан әлеуметтік саясатты нығайту құқық бұзушылықтың алдын алуда шешуші рөл атқарады. Жұмыс орындарын ашу, тұрғындарға қолжетімді білім беру, тұрмысы төмен отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету сияқты шаралар адамдарды заңсыз әрекеттерден алшақтатуға ықпал етеді. Бұған қоса, жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту бағдарламаларын енгізу және оларды қоғамның белсенді мүшесі болуға ынталандыру маңызды. Сондай-ақ, мемлекеттілікке, адамзатқа, балалаларға қарсы қылмыс жасаған адамдарға қазақ қоғамында орын жоқ. Әр қылмыс артында бір себеп бары анық. Бірақ қандай да себеп болмасын қылмыс жасаумен шешімін таппайтыны хақ.
Арайлым Абдималик, сәтбаев қаласының архив әдіскер.