Ұлытау облысының ардагерлер кеңесі Президент Жолдауына қолдау білдірді
Ұлытау облысының ардагерлер кеңесі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауын зор ықыласпен қабылдады. Ардагерлер ел дамуының негізгі бағыттарын айқындаған бұл құжаттың өзектілігін атап өтіп, оның халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға, әділетті қоғам орнатуға және мемлекетіміздің болашағын айқындауға үлкен серпін беретінін жеткізді.
Кеңес мүшелері Жолдауда көтерілген әлеуметтік әділеттілік, жастарға қолдау көрсету, ауылдық жерлерді дамыту және цифрландыруды жеделдету сынды бастамаларды қолдап, олардың елдің өркендеуіне жол ашатынын атап өтті.
Ардагерлер жастарды елдің дамуына белсене үлес қосуға шақырып, бірлік пен ынтымақ арқылы Қазақстан жаңа белестерге жететініне сенім білдірді.