Ұлытау облысының әкімі Үкімет отырысында есеп берді

Жаңалықты бөлісіңіз:

Бүгін Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков Үкімет отырысында өңірдің 2025 жылдың 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы баяндама жасады.

Өңір басшысы атап өткендей, соңғы тоғыз айда облыс экономикасында тұрақты өсім байқалады.

Яғни, тұрғын үйді пайдалануға беру – 24,6%. Айта кету керек, аталған көрсеткіш — республика бойынша көш басында. Сондай-ақ көлік және қоймалау – 22,9%, құрылыс – 9,3%, сауда – 4,6%, инвестициялар – 1%-ға артқан.

Сонымен қатар, биыл жалпы құны 28,5 млрд теңге болатын 4 ірі жоба іске қосылды және 138 млрд теңгеге бағаланған 16 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 2 200 жаңа жұмыс орны ашылады. Сәтбаев қаласында республикалық маңызы бар индустриялық аймақ құрылып, 13 млрд теңгенің 3 жобасы қолға алынды.

Ал ауыл шаруашылығы саласында Үкімет пен министрліктің қолдауымен 8 млрд теңгеге 11 жоба іске асырылуда. Оған қоса, «Отбасылық ферма» жобасы арқылы ауылдық округтерде 13 мыңнан астам ұсақ мал сатып алынды.

Сондай-ақ туризм және көлік-логистика бағыттарында да айтарлықтай ілгерілеу бар. Туризмге тартылған инвестиция көлемі былтырғымен салыстырғанда 7 есеге өсіп, 1,9 млрд теңгеге жетті. Осы жылы Ұлытауға 14 мыңнан астам турист, оның ішінде 600 шетелдік қонақ келген.

Жол және теміржол инфрақұрылымын дамыту бойынша бірқатар ірі жоба жүзеге асырылуда. Атап айтар болсақ, «Жезқазған – Қызылорда» автожолының реконструкциясы, «Ұлытау – Арқалық», «Жезқазған – Қарағанды» бағыттарындағы жөндеу жұмыстары, сондай-ақ ұзындығы 316 шқ. «Қызылжар – Мойынты» теміржол желісінің құрылысы жүргізілуде.

Облыс әкімі өз баяндамасында облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы тұрақты бақылауда әрі инвестициялық және өндірістік әлеуетті арттыру басты назарда екендігін атап өтті.

Аким области Ұлытау отчитался на заседании Правительства

Сегодня аким области Дастан Рыспеков выступил с докладом на заседании Правительства, представив итоги социально-экономического развития региона за 9 месяцев 2025 года.

Как отметил глава региона, за отчетный период в экономике области наблюдается стабильный рост. Так, ввод в эксплуатацию жилья увеличился на 24,6%, и этот показатель является одним из лучших в стране. Кроме того, рост зафиксиро

By admin

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *