жаңалық
Пт. Мар 21st, 2025

Ұлытау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде Ұлытау облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, азаматтық қорғау подполковнигі Шыңғыс Шайдуллаұлы Самиевтің қатысуымен брифинг өтті

Жаңалықты бөлісіңіз:

Брифингтің тақырыбы – су тасқыны кезеңінің басталуы және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары.

Су тасқыны кезеңінің басталуы

Көктемгі су тасқыны – барлық қызметтер мен халықтың ерекше дайындықты қажет ететін маңызды кезеңі. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің негізгі міндеттерінің бірі – осы кезеңнің қауіпсіз және апатсыз өтуін қамтамасыз ету.

Бүгінде облыстағы су тасқыны жағдайы тұрақты, алайда су басу қаупі жоғары 11 елді мекен ерекше бақылауға алынған: Ақшагат, 189-разъезд, Ынталы, Қаракеңгір, Жезді, Жыланды, Қарсақпай, Талдысай, Ақтай, Түйемойнақ және Малшыбай.

Су тасқыны жағдайын бақылау

Сарысу, Жаман-Сарысу, Сарыкеңгір, Қаракеңгір, Жезді, Қара-Торғай және Сары-Торғай өзендері, сондай-ақ Кенгір, Жезді және Ақтасты гидротехникалық құрылыстары тұрақты бақылауда. Су тасқыны жағдайын бақылау үшін 8 гидробекет орнатылып, олардың деректері “Тасқын” мониторинг жүйесіне онлайн режимде беріледі.

Облыста су өткізу құрылыстарын тазалау және қар шығару жұмыстары белсенді жүргізілуде. Қазіргі уақытта 291 мың текше метр қар шығарылып, 1 051 су өткізу құрылысының 633-і тазартылды.

Су тасқыны кезеңіне дайындық

  • Қажет болған жағдайда, облыс аумағында мал айдайтын 23 орын мен 19 мал қорымы дайындалған.
  • Жезді су қоймасында өзен арнасын тазарту мақсатында жоспарлы су ағызу жүргізілуде (21 ақпаннан бастап 11 млн текше метр су ағызылды).
  • Су тасқыны қаупіне жедел ден қою үшін жедел штаб құрылып, қалалар мен аудандарда жедел көмек желілері жұмыс істеп тұр.
  • Азаматтық қорғау қызметтері күшейтілген жұмыс режиміне көшті.
  • Бекітілген іс-қимыл жоспарына сәйкес облыста 200 адам, 85 техника, 10 жүзу құралы және 34 мотопомпа жұмылдырылған.
  • Су тасқыны жағдайы нашарлаған жағдайда, 34 218 адамды орналастыруға арналған 44 уақытша эвакуациялық пункт дайындалған.
  • Шекаралас облыстармен (Түркістан, Жамбыл, Қызылорда) өзара іс-қимыл жоспары әзірленіп, бекітілген.

Су тасқыны кезеңінің болжамы

“Қазгидромет” мәліметтері бойынша, 16-21 наурыз аралығында облыс аумағында ауа температурасы +13…+18°C дейін көтеріледі. Су тасқыны кезеңінің шарықтау шегі 21-30 наурыз аралығында болады деп болжануда.

Қазіргі уақытта аудандық маңызы бар автомобиль жолдарында еріген қар суының екі тасу оқиғасы тіркелді:

  • “Ұлытау-Сарлық” (ені 100 м, биіктігі 10 см);
  • Қорғасын ауылында (ені 30 м, биіктігі 15 см). Аталған жағдайлар бақылауда, көлік қозғалысы үзілген жоқ.

By admin

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *