«Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында жастардың ұйымдастыруымен «Таза аула» жобасы жүзеге асырылды. Жоба барысында ерікті жастар қарт тұрғынның ауласына барып, тазалық жұмыстарын жүргізіп, аумақты ретке келтіруге өз көмектерін көрсетті.
Іс-шара барысында аула маңы қоқыстан тазартылып, ескі заттар жиналды. Сонымен қатар, аула аумағы абаттандырылып, тұрғынға қолдау көрсетілді. Мұндай игі шаралар қоғамда жанашырлық пен үлкенге құрмет көрсету құндылықтарын дәріптейді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Таза аула» жобасының басты мақсаты – қоршаған ортаны таза ұстаумен қатар, көмекке мұқтаж жандарға қолдау білдіру.
Жастардың белсенділігі мен ынтымағы нәтижесінде жоба көпшілік тарапынан оң бағасын алып, алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.




