Биыл — адамзат тарихындағы ең ауыр соғыстардың бірі болған Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы. Бұл — біз үшін қасиетті мереке, ерлік пен батырлықтың мәңгілік символы.
Ардагерлеріміздің жанқияр ерлігі, тылда тер төккен аналар мен балалардың қажыр-қайраты — Жеңістің шынайы бағасын айқындайды. Сол ұрпақтың рухына бас иеміз.
Ұмытылмас тарихты еске алып, бейбіт өмірді бағалайық. Жеңісті жақындатқан әрбір жанға мың тағзым!
Лаура Байзаққызы, ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі