Конституция еліміздің негізгі заңы болып табылады. Ол мемлекетіміздің құрылымын, мемлекеттік органдардың қызметін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын белгілейді. Конституцияны сақтау — мемлекет пен қоғамның тұрақтылығының кепілі. Әрбір азамат Конституцияны білуі және оған құрметпен қарауы тиіс.
Бүгінгі таңда Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін референдум өткізіліп жатыр. Референдумға қатысу — біздің азаматтық құқықтарымызды пайдалануымыздың бірден-бір жолы. Бұл шара арқылы біз еліміздің болашағын қалыптастыруға, оның даму бағыттарын анықтауға атсалысамыз.
Референдумға қатысу — тек дауыс беру ғана емес, елдегі саяси үдерістерге белсене араласу деген сөз. Әр азамат өз таңдауын жасау арқылы қоғамның өзгеруіне үлес қосады. Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бізге жаңа мүмкіндіктер мен міндеттер береді. Біздің елдің заңдарын жетілдіру, халықтың пікірін ескеру және әр азаматтың құқықтарын қорғау үшін референдум маңызды қадам болып табылады.
Сондықтан, әрбір азамат осы шараға белсене қатысу арқылы өз мемлекетінің дамуына үлес қоса алады.




