Таңертеңгі сағат 7.00-ден бастап елімізде референдумға дауыс беру басталды. Айдан астам уақыт бойы қоғамда референдумға қойылған сұрақ жөнінде әрқилы ой –пікірлер ортаға түсті. Енді міне, халық өз таңдауын жасайтын сәтке де келіп жеттік.
Кім қалай дауыс беретінін өзі шешеді. Бірақ, тиісті референдум учаскесіне барып, өз таңдауыңа қарай дауыс беру – азаматтық парыз. Мен де бүгін өзім тіркелген Сәтбаев қаласындағы № 292 –референдум учаскесіне ертелетіп барып сол парызымды атқарып шықтым. Бір байқағаным, адамдардың белсенділігі жоғары екен. Енді баршаңызды да өз учаскелеріңізге барып, дауыс беруге шақырамын.
Өйткені, әркімнің дауысы –маңызды.
УЧАСКЕГЕ БАРДЫМ, ТАҢДАУ ЖАСАДЫМ
