Адамның тіршілігі мен өндіріс салаларының дамуы табиғатқа әсер етіп, экологиялық мәселелерді туындатуда.
Сол себептен “Таза Қазақстан” идеясы – ортақ міндет болып саналады. Бұл тек әдемі ұран емес, еліміздің болашағы үшін аса маңызды іс-шаралар кешені.
Таза Қазақстан жобасының негізгі мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатты қорғау және қалдықтарды азайту. Бұл бағытта мемлекет тарапынан көптеген шаралар жүзеге асырылуда. Мысалы, қалалық көшелер мен саябақтарды абаттандыру, қалдықтарды сұрыптау мен қайта өңдеу жүйесін енгізу, өндіріс орындарында экологиялық стандарттарды қатаң сақтау сияқты жұмыстар атқарылуда.
                        