Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімінің басшысы болып Төленді Жақыпұлы Балықбай тағайындалды.
Төленді Жақыпұлы 1992 жылы Жезқазған қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары.
2015 жылы Қазақ қатынас жолдары университетінде радиотехника, электроника және телекоммуникациялар мамандығы бойынша білім алса, 2017 жылы Омск гуманитарлық академиясында бизнес және басқару мамандығын тәмамдаған.
Алғаш еңбек жолын 2012 жылы «Қазақтелеком» акционерлік қауымдастығының филиалы – Қарағанды облыстық телекоммуникация дирекциясында электромонтер болып бастаған.
2013-2018 жылдары аралығында аталған дирекцияда электромеханик, инженер болып еңбек етті.
2019 жылдан 2022 жылға дейін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитеті көлікті цифрландыру басқармасының бас сарапшысы қызметінде болды.
2022-2024 жылдары Ұлытау облысы әкімі аппаратының ақпараттық технологияларды дамыту мәселелері және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі бас инспекторы қызметін атқарды.
Тағайындауға дейін Ұлытау облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының инвестиция және өнеркәсіп бөлімінің басшысы болды.