“Тәуелсіздік ұрпақтары” гранттық бағдарламасы жүзеге асырылды

Жаңалықты бөлісіңіз:

2024 жылы Сәтбаев қаласы әкімдігінің қолдауымен жастарға арналған «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранттық бағдарламасы жүзеге асырылды. Аталған бастама аясында бірнеше жас кәсіпкер өз кәсібін бастап, алғашқы қадамдарын жасады.

Грант иегерлерінің жобаларымен танысу мақсатында кәсіпкерлік нысандарына іссапар ұйымдастырылып, іске асырылып жатқан жұмыстардың барысы зерделенді.

Жобалар келесі бағыттарды қамтиды:
• қызмет көрсету саласы;
• қолөнер және дизайн;
• шағын өндіріс.

Кездесу барысында:
• грант иегерлері кәсіпкерлік қызметті бастаудағы тәжірибелерімен, туындаған қиындықтар мен қол жеткізген жетістіктері туралы мәлімет берді;
• бағдарлама аясында алынған құрал-жабдықтар мен өндірістік базалар көрсетілді;
• қатысушылардың бизнес-идеялары мен даму жоспарлары талқыланды.

Кездесу нәтижесінде бірқатар ұсыныстар мен ескертпелер тіркеліп, алдағы уақытта қолдау шаралары мен мониторинг жұмыстары жалғасатын болады.

By admin

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *