Қала кіреберісін көркейту мақсатында «Жасыл дәліз» жобасы қолға алынды. Жоба аясында қала кіреберісінен бастап PETROL жанармай бекетіне дейінгі аумақ абаттандырылып, өндірістік аймақ тұсы жасыл желекпен көмкеріледі.
Аумақ 3 бөлікке бөлініп көгалдандырылады. Сонымен қатар, жобада маңызды жаңалықтардың бірі – заманауи суару жүйесінің орнатылуы. Бұл отырғызылған ағаштардың тұрақты өсіп-өркендеуіне мүмкіндік береді.
Жалпы жоба аясында 1 484 түп ағаш отырғызу жоспарланған. Оның ішінде қарағаш, ақ терек, ясень, айлант және платан ағаштары бар.
Жоба қала экологиясын жақсартуға, өндірістік аймақты жасыл белдеумен қоршауға және қала келбетін арттыруға бағытталған.




