Сәтбаевтық жас сарбаздар «Айбын-2025» облыстық жиынының жеңімпазы атанды

Жаңалықты бөлісіңіз:

Бүгін Ұлытау облысында өткен әскери-патриоттық «Айбын-2025» жастар жиынында Сәтбаев қаласынан қатысқан «Ұлар» әскери оқу командасы бес бағыт бойынша үздік нәтиже көрсетіп, Бас жүлдені иеленді!
15 оқушыдан құралған команда белтемірде тартылу, дене жаттығулары, әскерилендірілген кросс, АК-74 қаруын шашу-жинау, арқан тарту және пневматикалық винтовкадан ату сынды байқау кезеңдерінде жоғары шеберлік пен ұйымшылдық танытты.
22 мамырда Ақтөбе қаласында өтетін Республикалық кезеңге жолдама алған «Ұлар» командасы облысымыздың намысын қорғайтын болады .
Команда жетекшісі – аға сержант Сүлейменов Еркін Ақылбекұлы мен Ералыұлы Ермек.
Жеңімпаз команда мүшелері:
* Галина Милана – Б.Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясы, 9-сынып
* Айдарбеков Қайрат – №3 мектеп, 10-сынып
* Тұрар Мейрам, Фаткулин Ильяс, Устименко Роман, Милинчук Денис – Абай атындағы №4 мектеп-лицейі, 10-сынып
* Петрова Полина, Коханова Дания, Ахметжанова Аида, Герасимчук Алина – №14 мектеп, 9-11 сынып
* Алтай Әділет – Ә.Марғұлан атындағы мектеп, 10-сынып
* Жамбеков Саламат, Сламбек Тамерлан – №16 мектеп, 9-10 сынып
* Шахватдин Бекзат, Алпысбаев Бақытжан – Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-лицей, 10-сынып
* Чехомов Максим – №25 мектеп, 9-сынып
* Рахымжанов Мирас – №27 мектеп, 11-сынып.
Жеңіс құтты болсын!

By admin

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *