Қалада жарықтандыру жүйелерін жаңарту жұмыстары жалғасын табуда.
Қала аумағында 3000-нан астам жарық шамы орнатылған.
Техникалық қызмет көрсету нәтижесінде 40-тан астам жарық шамы ауыстырылды. Оның ішінде:
20 шам — көше жарықтандыруы бойынша,
23 шам — аулалардағы жарықтандыру жүйелеріне қатысты.
Аталған жұмыстарды орындаушы мердігер ұйым – «ГорЭлектроСети» ЖШС.
Мекеме мен қала әкімдігі арасында 2025 жылдың 1 наурызынан бастап жыл соңына дейін келісімшарт жасалған.