Ұлытау облысы Кәсіпкерлер палатасында Өңірлік Кеңес отырысы өтті. Отырыста ҚР Кәсіпкерлер палатасы «Атамекен» ұйымының XIII съезінің қорытындысы, Палатаның 2025 жылғы жұмысы және 2026 жылға арналған Өңірлік Кеңестің жоспары қаралды.
Палата директоры Гүлмира Каженова Палатаның жылдық жұмысы бойынша есеп берді.
Құқықтық бөлім бизнес тарапынан түскен 25 өтінішті қарастырды және 32 сараптамалық қорытынды берді. 4 784 кәсіпкердің құқығы қорғалды, 476,5 млн теңгеден астам сома өндірілді, 18 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды.
Облыстың интерактивті картасында 972,3 млрд теңгеге 39 инвестициялық жоба тіркелген, инвесторлар пайдасына 8 шешім қабылданды.
«Кәсіпкер әйел» және «Кәсіпке бағыт» бағдарламалары аясында SMM, кондитер, визажист, массаж, өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы және менторлық бағыттарында 300-ден астам адам оқытылды. Оқыту нәтижесінде жаңа ШОБ ашылып, жұмыс орындары құрылды.




