Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесіне арналған республикалық референдумның Сәтбаев қаласында өтуін 246 байқаушы бақылауда.
Қаладағы 26 ашық референдум учаскелері жұмысын бастағанда «Amanat» партиясы, «Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясы, «Өркен Сәуле», «Заман жарғысы», «Шындық», «Ұлытаудың іскер әйелдері», «Алтынай Ана», «Нұр Парасат» қоғамдық бірлестіктерінен 246 байқаушы тіркелді.
Сәтбаев қаласында барлығы 28 учаске, оның ішінде 26 ашық референдум учаскесі жұмысын бастады.
Сәтбаев қаласында референдум барысын 200-ден астам байқаушы бақылауда
