2025 жыл — Жұмысшы мамандықтар жылы.
Жұмысшы мамандықтар — қоғамның қозғаушы күші. Әрбір мамандықтың рөлі зор. Солардың бірі — құрылысшы мамандығы.
Құрылысшылар — қаланың тірегі, тынымсыз еңбек иелері.
Құрылысшылар қаланың келбетін қалыптастырады. Олардың қолымен биік ғимараттар бой көтеріп, мектептер пен ауруханалар, жолдар мен көпірлер салынады.
