Жезқазған қаласында игі іс жалғасын табуда. Қала тұрғыны, зейнеткер Надежда Тарасенкоға жергілікті еріктілер қол ұшын созып, күнделікті тұрмысына жеңілдік жасады. Олар тұрғынның ауласындағы қалың қарды күреп, тазалық жұмыстарын жүргізді.
Қыс мезгілінде қардың көп түсуі әсіресе егде жастағы азаматтарға қиындық тудыратыны белгілі. Осыны ескерген еріктілер бірлесіп, біршама жұмыс атқарып, аула жолын ашып берді. Бұл көмек зейнеткер үшін үлкен қолдау болды.
Мұндай игі бастамалар қоғамдағы мейірімділік пен жанашырлықтың айқын көрінісі. Еріктілердің еңбегі – үлкенге құрмет, кішіге үлгі. Осындай қайырымды істер Жезқазған қаласында алдағы уақытта да жалғасын табады деген сенім бар.




