Қазақстандағы АЭС құрылысының экологиялық және әлеуметтік аспектілері

Жаңалықты бөлісіңіз:

АЭС салу елдің энергетика саласын дамытудың бір мүмкіндігі болғанымен, бұл жобаның экологиялық және әлеуметтік әсерлері бар. Атом энергетикасын дамытуға байланысты туындайтын сұрақтар көп.

Қазақстандағы АЭС құрылысына қатысты қоғам пікірі екіге бөлінген. Бірі экономикалық және энергетикалық артықшылықтарды ескере отырып, қолдайтындар болса, екіншісі экологиялық қауіптер мен әлеуметтік зардаптарды айтып, қарсы шығады. Әсіресе, жергілікті халық арасында АЭС құрылысы салдарынан көші-қон, денсаулық мәселелері және жұмыс орындарының қысқаруы туралы алаңдаушылықтар бар.

Әлемде атом энергиясын пайдалану бойынша түрлі мысалдар бар. Жапониядағы апаттан кейін кей адамдарда «Фукусима фобиясы» қалыптасты. Түрлі табиғи, техногенді апаттар салдарынан АЭС табиғат пен халық денсаулығына зардап әкеледі деген қауіп бар. Бірақ, мәселеге бүгінгі ғылым мен технология жетістіктері тұрғысынан қарасақ, бұл алаңдаушылықтың да негізсіз екеніне көз жеткіземіз. Қазіргі таңда АЭС салуға ұсынылып отырған өңірлердің бірі – Балқаш жағалауындағы Үлкен ауылы. Бұл өлкеде Кеңес Одағы кезінде, сарапшылардың айтуы бойынша, АЭС немесе жылу электр станциясын салмақшы болған. Бұл өңірлердің барлығы зерттеліп, сарапшылардың бастамасымен ойластырылған. Яғни сейсмикалық, геологиялық, метеорологиялық жағынан қолайлы жердің бірі болды. Сол себептен қазірдің өзінде де біздің мемлекет сол жерді таңдап отыр. Одан басқа электр желілерінің торабы, оңтүстік пен солтүстікті қосатын магистральдар бар. Сол себептен ол аймақ қолайлы болып еспетелген.

Санжар Байсариев,

Белсенді жас волонтер

By admin

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *