ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Максим Рожин жаңа Конституция жобасындағы еңбек саласына қатысты маңызды өзгерістерге тоқталды.
Депутаттың айтуынша, жаңа Конституцияда әділ еңбек жағдайын қалыптастыру, қауіпсіз жұмыс ортасын қамтамасыз ету және еңбекақының әділ төленуі басты басымдықтардың бірі ретінде айқын көрсетілген. Бұл нормалар азаматтардың әлеуметтік құқықтарын күшейтуге және еңбек адамының мәртебесін арттыруға бағытталған.
Максим Рожин әділ еңбекақы мен қауіпсіз жұмыс жағдайы қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықтың негізі екенін атап өтті. Оның пікірінше, Конституция деңгейінде бұл қағидаттардың бекітілуі жұмыс берушілердің жауапкершілігін арттырып, еңбек қатынастарында әділдікті қамтамасыз етуге жол ашады.
Сонымен қатар депутат еңбек құқықтарын қорғау тек заңнамалық деңгейде емес, іс жүзінде де орындалуы тиіс екенін айтты. Жаңа Конституция азаматтардың құқықтарын қорғаудың нақты тетіктерін қалыптастырып, еңбек саласындағы заң бұзушылықтардың алдын алуға мүмкіндік береді.
Айта кетейік, жаңа Конституция жобасы әлеуметтік әділеттілік, адам құқығы және қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету секілді негізгі бағыттарды қамтып, елдің ұзақ мерзімді дамуына негіз болуды көздейді.




