Давос форумында «Бейбітшілік кеңесі» ресми түрде таныстырылды. Ұйымның жарғысына қол қою рәсіміне Қазақстан президентінен басқа 18 елдің басшылары мен өкілдері қатысты. Олардың арасында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев, Армения премьер-министрі Никол Пашинян, Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан және басқа да мемлекет басшылары бар. Келісімнің мақсаты – халықаралық ынтымақтастықты нығайту, соғыстар мен жанжалдарды болдырмау, бейбітшілік орнату, мәдени және экономикалық байланыстарды дамыту. Ұйым әлемдік деңгейде қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге ат салысады, елдер арасындағы сенімді арттырады. Бұл бастама аймақтық және жаһандық тұрақтылық үшін маңызды қадам болып саналады.

Поделиться
Похожие статьи

АКТУАЛЬНО
Таза Қазақстан: Оқушылардың Экологиялық Квесті

АКТУАЛЬНО
Жол инфрақұрылымы: Жезқазған мен Сәтбаевта биыл қандай жұмыстар атқарылады?

АКТУАЛЬНО
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Ұлытау облысы аумағында экологиялық іс-шаралар өтті

АКТУАЛЬНО