Өңірде ұлттық экологиялық бастаманы ілгерілету мақсатында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, азаматтық жауапкершілікті арттыруға және қоғамның белсенділігін күшейтуге бағытталған бірқатар шаралар ұйымдастырылды. Негізгі мақсат – өскелең ұрпақтың экологиялық санасын арттыру және қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілігін нығайту.
Бүгін облыс колледждерінде акция аясында зияткерлік EKO-QUIZ ойындары өткізілді. Командалық форматта өткен викторина барысында студенттер экология саласындағы білімдерін сынап, логикалық ойлау қабілеттері мен топпен жұмыс істеу дағдыларын көрсетті. Сұрақтар қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениет және Қазақстанның табиғи ресурстарын ұқыпты пайдалану тақырыптарын қамтыды.
Іс-шара белсенді әрі танымдық атмосферада өтіп, жастардың үлкен қызығушылығын тудырды. Мұндай бастамалар экологияға саналы көзқарас қалыптастырып, ел болашағы үшін жеке жауапкершілікті арттыруға ықпал етеді.
«Таза Қазақстан» — экологиялық ойла, жауапкершілікпен әрекет ет.
Акция — тек қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға бағытталған бастама ғана емес, сонымен қатар рухани тазалықтың, адалдық пен отансүйгіштіктің идеологиясы. Бұл — әрбір азаматтың өңір мен ел болашағына қосқан үлесі.
Тазалық — жеке жауапкершіліктен басталады. Бірге біз тұрақты әрі экологиялық қауіпсіз болашақ қалыптастырамыз.
#ТазаҚазақстан #тұрақтыдаму #тазатабиғат #экология #TazaChallenge #ҰлытауОблысы




